Қаржы • 20 Қазан, 2022

Бөлшек саудада өсім бар

294 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық статистика бюросы еліміздегі бөлшек сауданың 2022 жылғы қаңтар-қыркүйектегі жағдайы туралы хабарлады. Бюроның есебіне қарағанда, бөлшек сауда көлемі 2022 жылғы қаңтар-қыркүйекте 10 625,6 млрд теңгені құрады. Бұл 2021 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 1,4%-ға жоғары.

Бөлшек саудада өсім бар

Дара кәсіпкерлермен тауарлар­ды бөлшек саудада өткізу көлемі 1,9%-ға өсті. Азық-түлік тауарлары­ның бөл­шек сауданың жалпы көлеміндегі үлесі 36%-ды құрады, азық-түлікке жатпайтын тауарлардікі – 64%. Сауда көлемінің ең көп өсімі азық-түлікке жатпайтын тауарлар үлесінде. Атап айтқанда, мамандандырылған дүкендердегі жиһаздар, майлау материалдары, тоқыма және шұлық бұйымдары, автомобиль бөлшектері, тораптар мен керек-жарақтар, мотор отыны, музыкалық аспаптар, тұрмыс­тық электр құралдары, фармацев­тикалық тауарлар, компьютерлер, пери­фериялық жабдықтар мен бағдар­ламалық қамтамасыз ету, киім, аяқ киім, косметикалық тауарлар мен ги­гиена керек-жарақтары, сағат және зергерлік бұйымдар, жарықтандыру құрал­дары мен тұрмыстық тауарлар­ды сататын кәсіпорындарда байқалды. 2022 жылғы 1 қазанға сауда кәсіп­орындарының тауар қорларының көле­мі (есеп берген кәсіпорындар бойынша) бөлшек саудада 1 200,9 млрд тең­гені, сауда күн­дерінде 61 күнді құрады.

2022 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығындағы республикадағы бөл­шек сауданың жалпы көлеміндегі едәуір жоғары үлес салмақ Алматы (32,0%) мен Астана қалаларына (12,2%), Қарағанды (8,5%) және Шығыс Қазақстан (6,2%) облыстарына тиесілі.

Бөлшек сауданың нақты көлем индексі өткен жылғы тиісті айға пайызбен

р