Аймақтар • 20 Қазан, 2022

Қостанайда өрттен зардап шеккендер жақында баспаналы болады

301 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысының әкімдігі орман өрті кезінде баспанасынан айырылғандарға берілетін үйлердің бір архитектуралық стильде салынғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Қостанайда өрттен зардап шеккендер жақында баспаналы болады

Үйлердің құрылысы аяқталуға жақын. Әрбір тұрғын үйдің ауданы 100 шаршы метрді құрайды. Тұрғын үй құрылысына 16 мердігер ұйым тартылған. 

а

«Әр үйге 10 сотық жер бөлінген. Жобада 4 қонақ бөлме, жуынатын бөлме, сондай-ақ ас үй қарастырылған. Үй барлық инженерлік инфрақұрылыммен жабдықталған. Әр баспананың қуатты жеке қазандығы бар. Бұдан бөлек әр үйде септик бар. Үйлерге Wi-Fi да қосылады. Жабдықтардың ішінде газ плитасы мен су құбыры болады», деді Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Берік Таңжарықов.

а

н

Тұрғындардың демалуы үшін ашық спорт алаңдары да қарастырылған. 

«Ауданда футбол және волейбол алаңы, сондай-ақ балаларға арналған 3 ойын алаңын салу жоспарлануда. Бұрын ауданда мұндай алаңқайлар болған жоқ. Олардың құрылысын демеушілер қаржыландырып жатыр», деді Қостанай облысының әкімі  Архимед Мұхамбетов. 

а

Қазір үйлер құрылыс қоқыстарынан тазартылуда. Мұнымен қатар меншік құқығына құжаттарды рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде. 

ы

Ал өрттен зардап шеккен отбасылар қоныс тойын асыға күтіп жүр.