Қоғам • 21 Қазан, 2022

ҰҚК «Бейнеуліктер» қылмыстық тобын ұстады

221 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті ұйымдасқан қылмыстың еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға әсерін төмендету бойынша тиісті шаралар кешенін жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz ведомство сайтына сілтеме жасап.

ҰҚК «Бейнеуліктер» қылмыстық тобын ұстады

2022 жылдың 11 қазанында Алматы, Ақтау, Маңғыстау облысының Бейнеу және Ақжігіт кентінде қоғамға қауіпті «Бейнеуліктер» қылмыстық тобын ұстау бойынша арнайы операция өтті.

«Топ мүшелері Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы «Тәжен» өткізу пунктінде шетелдіктер мен жеке тасымалдаушылардан жүйелі түрде ақша бопсалағаны және басқа да ауыр қылмыстарға қатысы бары анықталды. Арнайы операция барысында қылмыстық топ басшысы мен 5 қатысушы ұсталды», делінген хабарламада.

Ұсталғандарға қатысты қамауда ұстау бұлтартпау шарасы бекітілді.

Пр