Елорда • 21 Қазан, 2022

Елордада автотұрақтар үш күн бойы тегін болады

168 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада Республика күніне орай, алдағы үш күн демалыста барлық автотұрақтар тегін болады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада автотұрақтар үш күн бойы тегін болады

Астанадағы ақылы автотұрақ операторының ресми сайты хабарлағандай, 22 қазан жұмыс күні болғандықтан, елордадағы ақылы автотұрақтар әдеттегідей жұмыс істейді. Төлем сағатына 100 теңге. Ал 23, 24, 25 қазанда көліктерді тегін қоюға болады.

Ақылы тұрақ жұмыс күндері сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді, демалыс және мереке күндері оларды тегін пайдалануға болады.