Аймақтар • 21 Қазан, 2022

Қостанай қаласында тұрғын үйден жылан шықты

200 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Полицейлер қостанайлық тұрғынының ваннасынан жылан алып шықты, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Қостанай қаласында тұрғын үйден жылан шықты

20 қазанда «102» пультіне Қостанай тұрғынынан ванна бөлмесінен жылан табылғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына учаскелік полиция инспекторы Асқар Ментаев пен оның әріптесі Серік Малғаждар барған.

«Өтінішті алғаннан кейін біз мекенжайға келдік. Онда ұзындығы 20-25 сантиметр болатын жыланды таптық. Оның қайдан пайда болғанын біз қазір анықтап жатырмыз, ол біреулердің үй жануары болған тәрізді. Қазіргі уақытта біз иесін іздеп жатырмыз. Оқиға орнына ТЖМ қызметкерлері де келді», деді учаскелік Асқар Ментаев.

Кейіннен мамандар ұсталған жыланның кәдімгі су жылан екенін айтты.

Полицейлер жыланды қаладан алып шығып, табиғи ортаға жіберген.

Айта кетейік, қазан-қараша айларында сужыландар әртүрлі шұңқырлар мен саңылауларға еніп қыстайды.