6 қазанда «Участок» ЖМК өткізу шеңберінде Аягөз ауданындағы шаруа қожалықтарының бірінде 55 жастағы ер адамның үйінде мылтық табылды.
ІІМ базалары бойынша тексеру барысында мылтық тіркелмеген. Сот-баллистикалық сараптаманың нәтижелері бұл қарудың атуға жарамды екенін және 1959 жылы шығарылған 5,6 мм калибрлі ТОЗ-8М моделінің мылтығы екенін көрсетті.
Ер адамның айтуынша, ол оны үш күн бұрын шаруа қожалығының жанынан тауып алып, полиция бөліміне тапсырмақ болған.
7 қазанда «Участок» жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Аягөз ауданының тағы бір 53 жастағы тұрғынынан заңсыз қару тәркіленді. ІІМ-нің арнайы базалары бойынша тексеру нәтижелері бұл мылтық базада тіркелмегенін көрсетті. Сараптамаға қарағанда, бұл 1962 жылы шығарылған 5,6 калибрлі, № 17690 зауыттық мылтық. Ер адам Аягөз ӨКМ иесі ретінде есепте тұрмайды. Бұл мылтық оның марқұм әкесіне тиесілі екендігі анықталды.
Жоғарыда көрсетілген фактілер бойынша «қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» ҚР ҒК 287-бабының үшінші бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Осы баптың санкциясымен бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру қарастырылған.