Спорт • 23 Қазан, 2022

Дәулет Ергеш Әлем чемпионатының күміс жүлдесін алды

320 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық палуан Испанияда өтіп жатқан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Дәулет Ергеш Әлем чемпионатының күміс жүлдесін алды

Еркін күрестен өтіп жатқан додада отандасымыз 79 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен. Ол алдымен пуэрто-риколық балуанмен кездесіп, 10:0 есебімен жеңіске жеткен. Келесі кезеңдерде Украина мен Америкадан келген спортшылармен сынға түсті.

Ақтық сында қарсыласы грузиялық Владимир Гамкрелидзде болған. Өкінішке орай, бұл кездесуде 3-5 есебімен грузиннің пайдасына шешілді.