Әлем • 23 Қазан, 2022

Ресейде тағы да ұшақ апаты болды

300 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұшақ Иркутск қаласындағы тұрғын үйлердің біріне құлаған. Бұл соңғы аптада болған екінші ұшақ апаты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ресейде тағы да ұшақ апаты болды

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Су-30 ұшағы   сынақ кезінде жеке секторға құлаған. Апат болған жерде өрт шығып, 200 шаршы метрді қамтыпты.

Әзірге қаза болғандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Айта кетейік, соңғы мәліметтер бойынга бір апта бұрын Краснодар өлкесінің Йейск қаласында Су-34 жойғыш-бомбалаушы ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан 15 адам, оның ішінде үш бала қаза тапты. Күзде әскери ұшақ тоғыз қабатты тұрғын үйге тиіп кеткен.