Экономика • 23 Қазан, 2022

300 мың доллар инвестиция жасаған шетелдіктерге Қазақстандық виза беріледі

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Мәжіліс отырысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

300 мың доллар инвестиция жасаған шетелдіктерге Қазақстандық виза беріледі

Фото: ratel.kz

«Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 1 қыркүйектегі жолдауына сәйкес, қазіргі кезеңде көбірек инвестиция салған шетелдік бизнесмендерге 10 жылға виза алу мүмкіндігін беруге бағытталған заң жобасын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. 300 000 доллардан астам Қазақстан экономикасына салынса, ҚР тұруға рұқсат алу құқығы беріледі», деді Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин.

Бұл тұста, қандай инвестиция екендігі де бағаланады.

«Яғни, Қазақстан экономикасына мультипликативті әсер беретін инвестициялар (бюджетке салық түсімдері түріндегі қосымша қаржылық түсімдер, жаңа жұмыс орындарын құру және т.б.) қаралады», деп түсіндірді СИМ басшысы.