Қазақстан • 24 Қазан, 2022

Елордада V Нобель фестивалі өтеді

380 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

26-28 қазан аралығында Астанада V Нобель фестивалі өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада V Нобель фестивалі өтеді

Нобель фестивалі - ең ірі халықаралық іс-шара.

Бағдарламаның миссиясы – жаһандық білім мен ғылымды әлемнің кез келген бұрышында қолжетімді ету. Фестивальге жыл сайын Нобель сыйлығының лауреаттары, «Серпіліс» сыйлығының иегерлері (ғылыми Оскар), әлемдік инноваторлар, 155 елден 500 университет және 500 мыңнан астам адам қатысады.

V Nobel Fest бір мезгілде қазақ, ағылшын, түрік, қытай, араб, өзбек және орыс тілдерінде 6 студияда - Әзербайжан, Германия, Түркия, Пәкістан, Қытай, Өзбекстан және Қазақстанда өтеді.

Телекөпір жұмысына ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, 2017 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты Рае Квонг Чунг, CEO Nobel Fest негізін қалаушы Мақсат Құрбенов, жастар агенттігінің (Өзбекстан) директоры Әлішер Саъдуллаев, COMSTECH, Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының бас үйлестірушісі доктор Икбал Чоудхари, Coca-Cola-ның Еуразия мен Таяу Шығыстағы вице-президенті Клаудия Наварро қатысады.

«Нобель фестивалінің мақсаты - білім беруді барлығына қолжетімді ету. Бұл ауқымды іс-шара офлайн форматта өтеді. Белгілі спикерлер Астанада үш күн бойы лекция оқиды. Нобель сыйлығының лауреаты аясында тұңғыш рет Қазақстанда Климаттық экономика орталығының ашылуы маңызды оқиғалардың бірі болмақ. Орталық өз есігін М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде ашады», деді V Нобель фестивалі бағдарламасының жетекшісі Жұлдыз Адамзатова.

Сондай-ақ Nobel Fest аясында 31 қазан мен 4 қараша аралығында Нобель дәрістер апталығы ұйымдастырылады. Әлемнің түкпір түкпірінен келген Нобель сыйлығының лауреаттары және әлемдегі ең беделді марапаттардың иегерлері университеттер мен студенттер үшін дәріс оқиды. Дәрістер Nobel Fest бас серіктестері – М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті мен С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті үшін арнайы ұйымдастырылады.