Қазақстан • 24 Қазан, 2022

Қарақат Әбден Қарағанды жұртшылығымен кездесті

253 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

24 қазан күні Қарақат Әбденнің сайлауалды штабы Қарағандыда халықпен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарақат Әбден Қарағанды жұртшылығымен кездесті

Қарағанды қаласының «Шаңырақ» көпбалалы отбасыларды қолдау орталығында ұйымдастырылған кездесу барысында Қ.Әбден өзінің сайлауалды бағдарламасының таныстырылымын өткізді. Кездесуге Қарағанды облысынан 100-ге жуық көпбалалы ана жиналған. Тұрғындар отбасы құндылықтарына қатысты мәселелерді көтеріп, рухани, мәдени-әлеуметтік даму төңірегінде сұрақ қойып, нақты өтініштері мен ұсыныстарын жеткізді. 

с

«Бүгінгі кездесуде Қарақат Әбденмен қоғамдағы өзекті мәселелерді талқыладық. Өзіміздей көпбалалы әрі ұлттық құндылықтарды насихаттап жүрген ананың президенттікке үміткер болып, ел болашағы үшін еңбек етіп жүргені біз үшін үлкен қуаныш», деп бөлісті көпбалалы аналардың бірі Сандуғаш Құлмақова.

Сайлауалды штабының баспасөз қызметі мәлімдегендей, бұдан бұрын Қарақат Әбден Астана маңындағы Қосшы қаласы мен Қоянды ауылының тұрғындарымен де кездесу өткізген.

Еске салсақ, Қазақстан Президентін кезектен тыс сайлау 20 қараша күні өтеді.