Әлем • 24 Қазан, 2022

Риши Сунак сайлауда жеңіске жетті

252 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Риши Сунак Ұлыбритания премьер-министрі сайлауында жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Риши Сунак сайлауда жеңіске жетті

Борис Джонсон, Бен Уоллес және Пенни Мордант өз кандидатураларын алып тастағаннан кейін Ұлыбританияның бұрынғы қаржы министрі бұл лауазымға жалғыз үміткер болды.

Сунак автоматты түрде Тори партиясының жетекшісі болды. Рәсімдер аяқталғаннан кейін ол ресми түрде премьер-министр болады.

Риши Сунак 42 жаста. Ол үнділік ауқатты отбасынан шыққан. Қазір ол Қауымдар палатасындағы және қаржы нарығындағы ең бай адамдардың бірі.