Қазақстан • 25 Қазан, 2022

Ғарышкерлер қазақстандықтарды мерекемен құттықтады

320 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық ғарыш станциясында жұмыс істейтін ресейлік ғарышкерлер Қазақстан халқына ізгі тілектерін жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ғарышкерлер қазақстандықтарды мерекемен құттықтады

68-ші экспедицияның экипажы Сергей Прокопьев, Анна Кикина және Дмитрий Петелин Қазақстанның ғарыштан қаншалықты әдемі екенін айтып, бауырлас елдің өркендеуіне тілектестік білдірді. Ғарышкерлер Ресей мен Қазақстанның ғарыштағы ынтымақтастығы одан әрі нығаяды деп сенеді.

ХҒС-68 экипажы Байқоңыр ғарыш айлағынан 2022 жылдың 21 қыркүйегінде ұшырылған, экипаж орбитада алты айдан астам жұмыс істейтін болады.

Бүгін, 25 қазанда Байқоңыр қаласында Республика күніне орай үлкен мерекелік концерт өтеді.