Әлем • 25 Қазан, 2022

Ұлыбритания королі Лиз Трасстың отставкасын мақұлдады

179 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлыбритания королі III Карл премьер-министр Лиз Трасстың отставкасын қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлыбритания королі Лиз Трасстың отставкасын мақұлдады

Букингем сарайы корольдің шешімін растады.

«Элизабет Трасс бүгін таңертең корольмен жүздесіп, премьер-министр және қазынашылықтың бірінші лорды қызметінен кетті», деп жазады РИА Новости.

Осы жылдың 6 қыркүйегінде қызметке кіріскен Лиз Трасс экономикалық қиындықтарға тап болды. Уәде етілген реформалар жемісін бермеді, ал оның серіктестері бірінен соң бірі отставкаға кете бастады.