ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазығұрт ауылында үйдің ауласында 2020 жылы туған бала қайтыс болған. Ересектердің қарауынсыз қалған бала жаңбыр суымен толтырылған шұңқырға құлап, суға батып кеткен.
Сондай-ақ ведомство жеке тұрғын үйді, 21 аула аумағын су басқаны жөнінде хабарлады. Қазығұрт, Бәйдібек, Сарыағаш облыстарында 13 бас мал қырылды.
Қазір су айдау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Жағдай облыс әкімдігі мен ТЖ департаментінің бақылауында.