Экономика • 26 Қазан, 2022

ІЖӨ өсімі 2,8%-ды құрады

434 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2022 жылдың тоғыз айында ІЖӨ өсімі 2,8%-ды құрады. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

ІЖӨ өсімі 2,8%-ды құрады

Оның айтуынша, бұл көрсеткіш болжамдарға сәйкес келеді.

«Іскерлік белсенділіктің баяулауы негізінен тау-кен өнеркәсібіндегі әлсіз динамика есебінен жүреді. Бұл еліміздің негізгі кен орындарында жөндеу және Қашаған зауытындағы апатқа байланысты. Өңдеу өнеркәсібі, сауда, ақпарат және байланыс, көлік және ауыл шаруашылығы оң үлес қосуда», деп түсіндірді Ғалымжан Пірматов.

Сонымен қатар ол экономиканың даму динамикасының болжамдардан ауытқуының айқын тенденциясы байқалмайтынын атап өтті.

«ІЖӨ өсімі қалыптасқан баға конъюнктурасы және жыл соңына қарай мұнай өндірісінің өсу қарқынын қалпына келтіру аясында ішкі сұраныс пен нақты экспорттың оң траекториясымен қамтамасыз етіледі. Бұл ретте Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы үшін тәуекелдер өсіп келе жатқан инфляциялық процестер жазықтығында жатыр», деп толықтырды Ғ.Пірматов.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50