Қазақстан • 26 Қазан, 2022

Кабель арналары жалға берілуі мүмкін

246 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл бастаманы бизнес-қоғамдастықтың өкілдері «Атамекен» ҰКП алаңында тікелей эфир барысында талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кабель арналары жалға берілуі мүмкін

Енді кабель арналарын жобалау және салу кезінде монополист нарықтың басқа қатысушыларына 25% бос орын қалдыруы керек. Бұл ретте меншік құқығы мемлекеттік органдарда немесе мемлекеттік ұйымдарда қалады. 

«Нарық өкілдері ұсынған бұл бастаманы мемлекеттік орган қолдады. Жақын арада оны ережеге енгізу жоспарланған. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында бірыңғай талаптар мен ақпараттық қауіпсіздік шеңберінде монополист осы шартты сақтамаса жауапкершілікке тартылады. Субъективті сипаттағы талаптар анықталды, мысалы, министрліктің қолдауымен алынып тасталатын бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдаланудың сенімділігі, сүйемелділігі, ыңғайлылығы», деді «Атамекен» ҚР ҰКП Адами капиталды дамыту департаментінің басқарушы директоры Азамат Бейсенбенов.

Қазіргі кезде елдегі жерасты кабель жолдарының 80 пайызы «Қазақтелекомға» тиесілі. Бұл кабельдерге қолжетімділік басқа операторлар үшін шектелген.