Қоғам • 26 Қазан, 2022

ҰҚК халықаралық есірткі бизнесіне қарсы операция жүргізді

154 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткі қатерінің жолын кесуге бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

ҰҚК халықаралық есірткі бизнесіне қарсы операция жүргізді

Мәселен, 2022 жылғы шілде мен қазан аралығында 36 есірткіге қарсы, оның ішінде ресейлік, өзбекстандық және қырғызстандық әріптестестермен бірлескен операциялар өткізілді.

11 халықаралық және 14 аумақтық есірткі трафигінің арналары жойылды. Синтетикалық есірткі өндірумен айналысатын 4 жасырын лабораториясының іс-әрекеті бейтараптандырылды.

«Арнайы операциялар барысында есірткі құрылымдарының 59 қатысушысы ұсталды. Заңсыз айналымнан 282 келі есірткі, оның ішінде 32 келі героин, 11 келі апиын, 60 келі синтетикалық есірткілер, 156 келі марихуана, 22 келі гашиш алынды. Сонымен қатар айналымнан 861 «экстази» таблеткасы және психотроптық заттарды әзірлеуге арналған 3 тоннадан аса химиялық реагенттер шығарылды», делінген хабарламада.

Ведомство өкілдері халықаралық есірткі бизнесіне қарсы тұру бойынша іс-шаралар әлі де жалғасатынын қоса хабарлады.