«Алматы полиция департаменті Р. Мухоряповқа қатысты тексеру жүргізуде, тиісті сараптама тағайындалды. Сараптама нәтижелері бойынша оның іс-әрекетіне баға беріледі», деді ҚР Бас прокурорының орынбасары Әсет Шындалиев тілшілердің сұрақтарына жауап бере отырып.
Бұған дейін «Chocofamily Holding» негізін қалаушы және тең иесі Рамиль Мухоряпов қазақ тіліне қатысты айтқан сөздерінен кейін жанжал туындаған еді. Ол қазақстандықтар орыс тілінде қойылған сұраққа қазақ тілінде жауап беретін жағдайды ұлтшылдықтың көрінісі деп атады. Кейінірек Рамиль Мухоряпов айтқан сөздері үшін кешірім сұрады.