Президент • 27 Қазан, 2022

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы 17,7% өскен

237 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының және Еуропалық Кеңес Президентінің кездесуіне арнайы келген Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровпен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы 17,7% өскен

Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровқа ілтипат білдіріп, Астанада өтетін маңызды жиынға қатысу үшін арнайы келгеніне ризашылығын білдірді.

«Сіздің бұл сапарыңыз маңызды. Елдеріміздің арасындағы қарым-қатынастарды одан әрі ілгерілету мақсатымен екі жақты кездесу өткізіп отырмыз. Мемлекеттеріміздің арасында ешқандай түйткіл жоқ. Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында осы жетістіктеріміз еселеніп, екіжақты серіктестігіміз қарқынды дами береді деп сенемін», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

щ

Садыр Жапаров бүгінгі маңызды кездесуге шақырғаны үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтты.

«Орталық Азия мемлекеттері басшыларының және Еуропалық Кеңес Президентінің бірінші кездесуіне қатысу үшін Астанаға келгеніме қуаныштымын. Біз қырғыз-қазақ қарым-қатынасын жоғары бағалаймыз. Осы сәтті пайдалана отырып, мемлекеттеріміздің арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуымен құттықтаймын», деді Садыр Жапаров.

щ

Мемлекеттер басшылары екі ел үкіметтерінің сауда саласында бірлесе атқарып жатқан жұмыстарының оң нәтижелерін жоғары бағалады. Екі ел арасындағы тауар айналымы былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 17,7 пайызға өскен. Екіжақты сауда-саттық көлемін 2 миллиард долларға дейін жеткізу мақсаты жоспарға сәйкес жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ тараптар қазақ-қырғыз қатынастарының көлік-логистикалық, мәдени-гуманитарлық аспектілерін талқылады.