Саясат • 28 Қазан, 2022

Тұрғындар газға зәру

158 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы президенттігіне Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан үміткер Нұрлан Әуесбаев Ақтөбеде болып, «Жаңақоныс-4» және «Батыс-2» проблемалық тұрғын үй кешендеріне жасалған рейдке қатысты.

Тұрғындар газға зәру

Ақтөбенің осы аудандары­ның тұрғындары инфрақұры­лым жоқтығы есебінен ұзақ уақыт бойы қиындықтарға тап болуда. Мәселен, «Жаңақоныс-4» тұр­ғын үй кешендерінің тұр­ғындары 2018 жылдан бастап газдың берілуін күтіп отыр. Жергілікті билік биыл қыркүйек айының соңына дейін газ тарту­ға уәде берген. Бүгінде газ әлі де пайдалануға берілмеген. Одан бөлек, тұрғындар жолдың нашарлығына арыздануда. «Аудан әкімдігі бізге жолдарды толтыру үшін қиыршық тас тиелген 56 КамАЗ бөлуге уәде берген еді. Олардың тек екеуі ғана келді», дейді «Жаңа­қоныс-4» тұрғын үйдегі кездесуге қатысушылардың бірі.

Нұрлан Әуесбаев «Батыс-2» шағын ауданында да жағдай­дың мәз еместігіне көз жеткізді. Тұрғындармен әңгімелесу барысында ол өз бағдарламасын­да қазақстандықтардың өмір са­па­сының стандартын енгізуді көздейтінін атап өтті. Онда адам­ның дұрыс тамақтануы, дәрі-дәрмек, коммуналдық қызметтер сияқты қажеттіліктер ескеріле­ді. Зерттеу барысында анықтал­ған азаматтардың әрбір жеке тобы үшін негізгі көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша арнайы бағдарламалар әзірленбек. Нұрлан Әуесбаев өзінің сайлау­алды бағдарламасында түрлі деңгейдегі әлеуметтік қол­дау­дың желісін құруға ниетті екенін айтты.