Қоғам • 28 Қазан, 2022

Әлеуметтік қызметкерлерді құттықтады

169 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күніне орай салтанатты жиын өтті. Іс-шараға министрліктің орталық аппаратының қызметкерлері қатысты. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова ұжымды алдағы кәсіби мерекесі – Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күнімен құттықтады.

Әлеуметтік қызметкерлерді құттықтады

«Он жылдан астам уақыт бұрын Президенттің Жарлы­ғымен қазанның соңғы жек­сен­бісі әлеуметтік қорғау жүйе­сі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі болып бекітілді. Құр­метті әріптестер, менің шын жү­ректен құттықтауларымды қабыл алыңыздар! Сіздерге ерекше назар мен қамқорлықты қажет ететін адамдардың проб­лемалары жүктеледі. Қарт­тар мен мүгедектігі бар адамдар­дың, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың, жұмыссыз­дардың және халықтың басқа да әлеуметтік осал топтары­ның жағдайын жақсартуға қосып жатқан үлесіңіз айрық­ша. Мейірімділік жүректен шығады, жақсылық тілектен туа­ды. Құрметті әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлері, осы айтулы күн қарсаңында сіздерге амандық пен бақыт тілеймін! Сіздердің еңбектеріңіз Қа­зақ­станның тұрақты дамуы­на ықпал етіп, барлық баста­ма­ларыңыз әрқашан сәттілікпен аяқталсын», деді Т.Дүйсенова.

Салтанатты жиын барысында ведомствоның 15 қызметкері «Әлеу­меттік еңбек саласының үздігі» төсбелгілері, құрмет гра­моталары мен алғыс хаттар сын­ды түрлі марапаттарға ие болды.