Полицияға №3 «Дарын» мектеп-интернатына «жарылғыш құрылғы» қойылғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Көкшетау ПД баспасөз қызметі хабарлағандай, аталған мекенжайға полиция және басқа да шұғыл қызметтер жіберілді. Мектеп аумағы қоршауға алынып, оқушылар, оқытушылар құрамы мен мектеп әкімшілігі эвакуацияланды.
Нәтижесінде, жарылыс техниктері мен кинологтар мектеп аумағында жарылғыш құрылғылар жоқ екенін анықтады.
Кейінірек қаланың басқа оқу орындарына ұқсас хабарлама түсе бастады, онда тиісті тексерулер жүргізіліп жатыр.