27 Мамыр, 2014

Ресей құрамасы – әлем чемпионы

218 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мамырдың 25-нен 26-на қараған түні Беларусь астанасы – Минск қаласында мәреге жеткен хоккейден әлем чемпионатының финалында Ресей құрамасы Финляндия командасын 5:2 есебімен ұтып, әлем чемпионы атанды. Ресей құрамасы есепті бірін­ші болып ашты. Оны 11-минутта Сергей Широков жасады. Дегенмен, бірінші жиырма минут бітуге шамалы қалғанда фин Ииро Пакаринен есепті теңге жеткізді. Бұл 17-минутта тіркелді. Кездесудің екінші бөлігінде Олли Палола бір шайба салып, Суоми хоккейшілерін алға шығарды. Мұның есесіне бұдан кейін тек орыстар ғана шайба салумен болды. Алдымен Александр Овечкин есепті қайтадан тең етті. Сосын араға 8 минут салып, Евгений Малкин өз командасын алға шығарды. Бұдан кейін финдер қақ­па­сына тағы екі шайба түсті. Оларды Данис Зарипов пен Виктор Ти­хонов өз есеп­теріне жазды. Осылайша Олег Знароктың жі­гіт­тері чем­пио­наттағы барлық 10 ойынын да негізгі уақытта же­ңіс­ке жетумен аяқтап, талассыз чемпион атанды. Дамир ҚОЖАМҚҰЛ.