Білім • 28 Қазан, 2022

Асхат Аймағамбетов Ақмола облысының мектептерін аралады

256 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Ақмола облысының мектептерін аралап, «Жайлы мектеп» жобасы бойынша жаңа мектептердің құрылыс барысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Асхат Аймағамбетов Ақмола облысының мектептерін аралады

Министр Қосшыдағы үшауысымды мектептер мәселесі қалай шешіліп жатқанын, жаңа мектептердің құрылыс жұмыстары қалай жүргізіліп жатқанын тексерді. Сондай-ақ «Жайлы мектеп» жобасы бойынша салынатын жаңа мектептердің қайда орналасатынын қарап шықты.

«Қазір Талапкер ауылындағы мектепке және басқа да елді мекендерге баруды жоспарлап отырмын. Онда «Жайлы мектеп» жобасы бойынша жаңа мектептер салынады. Президенттің тапсырмасы бойынша дайындалған жобаның арқасында оқушы орындарының тапшылығы мәселесі толығымен шешіледі», деп жазды А.Аймағамбетов Телеграм арнасында.