Елорда • 28 Қазан, 2022

Астанада таеквондодан жастар арасында ел кубогы өтеді

156 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада 2-4 қараша күндері Астана қаласында таеквон-до GTF бойынша жасөспірімдер мен жастар арасында Қазақстан Республикасының кубогы өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астанада таеквондодан жастар арасында ел кубогы өтеді

Додаға еліміздің барлық облысы мен қалаларынан 600-ден астам спортшы қатысады.

Қазақстан Республикасының Кубогы екі жас санатында, яғни 12-14 жас және 15-17 жас аралығында өтеді. Сондай-ақ бұл турнирде үздік техника мен әсерлі жекпе-жектерге кубоктар беріледі.