
«Қазір «Жайлы мектептер» жобасы жүзеге асырылуда. Алдағы үш жылда біз жаңа форматтағы 500-ден астам мектеп салуды жоспарлап отырмыз. Мемлекет оларға бюджеттен 2,6 трлн теңге бөледі. Сондай-ақ 32 ауданаралық емхана ашылады. Қағида өте қарапайым - біз кез келген науқасты осы аудандық емханаға бір сағат ішінде жеткізуіміз керек», деді Серік Жұманғарин Қостанай облысының жұртшылығымен және бизнес-қоғамдастығымен кездесуде.