Әлем • 30 Қазан, 2022

Сеулде зардап шеккен қазақстандықтар жоқ - ҚР СІМ

261 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сеулде қысым кезінде зардап шеккен қазақстандықтар туралы ақпарат түскен жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап

Сеулде зардап шеккен қазақстандықтар жоқ - ҚР СІМ

«Сеул қаласында болған қайғылы оқиғаның салдарынан соңғы мәліметтер бойынша 151 адам қаза тауып, 82 адам зардап шекті. Қазіргі уақытта зардап шеккен Қазақстан азаматтары туралы ақпарат түскен жоқ», делінген ҚР СІМ хабарламасында.

Ведомствоның ақпараты бойынша, ҚР Корея Республикасындағы Елшілігінің Консулдық бөлімі тәулік бойы жұмыс режиміне ауыстырылды. Сондай-ақ Кореялық құзыретті органдармен тұрақты байланыста болатын жедел штаб құрылды. Дипломаттар консулдық есепте тұрған қазақстандықтарды шақырады.