
Қазақстанның намысын Ләззат Жүсіпова мен Дидар Мұхамеджанов қорғады. Спортшылар «Ката» пәнінде сәтті өнер көрсетіп, жарыстың жеңімпаздары атанды. Ләззат Жүсіпова көру қабілеті бұзылған спортшылар арасында 1-ші орынды иеленді, ал Дидар Мұхамеджанов тірек-қимыл аппараты бұзылған спортшылар арасында үздік атанды.