Қаржы • 30 Қазан, 2022

Салық режімі стандарттарға сай

194 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

«Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстандағы қо­лайлы және сенімді реттеушілік базаның жарқын мысалы бола алады. Өйткені оның нор­ма­тивтік құқықтық негізі Ұлы­бри­танияның, Сингапурдың, Гонконгтың, Біріккен Араб Әмірліктерінің үздік әлемдік тәжірибесіне сүйене отырып әзірленген. Англия мен Уэльстің ортақ құқығына негізделген АХҚО заңнамасы Қазақстанда бизнесті қауіпсіз жүргізу үшін барлық жағдайды жасайды.

Салық режімі стандарттарға сай

Коллажды жасаған Зәуреш СМАҒҰЛ, «EQ»

АХҚО реттеуші режімінің маңызды мін­деттерінің бірі – қаржы орта­лы­ғының юрисдикциясында тіркелген ком­паниялар қызметінің айқындық дәрежесін, яғни заңдылығын арттыру үшін көлеңкелі бизнеске қарсы ша­ра­лар кешенін әзірлеу. Атап айт­қанда, ақшаны жылыстатуға қарсы кү­рестің қаржылық шараларын әзір­леу тобының (FATF) стандарттары мен ұсынымдарына сәйкес Қаржы қызметтерін реттеу жөніндегі комитет (AFSA) ақшаны жылыстатуға, терроризмді қаржыландыруға және санкцияларға қарсы күрес бойынша АХҚО ережелерін әзірледі. Мысалы, қаржы орталығы іске қосылғалы бері түпкілікті бенефициарлық меншік ие­сін ашу ережелерін енгізді. Бұл өз құзыреті арқылы заңсыз қаржы ағындарына тосқауыл мақсатында дайындалды. Бұл халықаралық ұйымдарға бизнесті ашық және олардың беделіне қауіп төндірмейтіндей етіп жүргізуге мүмкіндік береді.

Finreview.info ресурсының хабарлауынша, осы жылы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы «Астана» халықаралық қаржы орта­лы­ғының салық режімінің салық ашық­тығының жаһандық стандарттарына сәйкестігін мойындады. Бұл АХҚО-да зиянды салық тәжірибесі аясында өз юрисдикциясын пайдалануға қарсы тұру үшін жеткілікті құралдар бар екенін білдіреді.

Осы мақсатта 2021 жылғы жел­тоқсанда AFSA ЭЫДҰ ұсынысы б­о­йынша және Қазақстанның Қар­жы министрлігімен келісе отырып, корпоративтік табыс салығын, қо­сыл­ған құн салығын төлеу бойынша салықтық жеңілдіктерді қолданатын АХҚО қатысушыларының нақты қатысуы туралы ережені қабылдады.

Бұл ереже не үшін қажет? Халық­аралық қаржы орталықтары (АХҚО-ны қоса алғанда) өз қатысушыларын бірқатар қызметті көрсетуден – банк­тік, сақтандыру, инвестициялау­дан алған табыстары бойынша кор­поративтік табыс салығын тө­леуден босатады. Дегенмен әлемдік тә­жірибе көрсеткендей, мұн­дай артық­шы­лық­тардың кері жағы же­ңілдікті тәр­тіпті теріс пайдалану тәуе­келдері болуы мүмкін.

ЭЫДҰ деректері бойынша ұлттық заңнамадағы кемшіліктердің және әртүрлі елдердің салық жүйелері арасындағы сәйкессіздіктердің салдарынан мемлекеттер жылына 100-240 млрд доллар жоғалтады. Бұл әлемдік корпоративтік табыс салығы түсімінің 4-10 пайызына тең.

Қарапайым мысалды қарастырайық. Депозиттерді қабылдау және шот ашу үшін АХҚО реттеушісі лицензиясы бар бір банк басқа елдердегі клиенттерге қызмет көрсетеді делік. Мұндай банк қазақстандық қаржы орталығының нақты юрисдикциясында болмауы мүмкін, бірақ АХҚО-дан тыс алынған табысқа салықтан босату мүмкіндігін пайдаланады. Бұл жағдайда банк бірден бірнеше юрисдикцияға – оның ішінде лицензиясы бар АХҚО-ның өзіне, сондай-ақ ол нақты жұмыс істейтін елдерге зиян келтіреді.

«Қатысушылардың нақты қатысуы туралы Ережені қабылдау арқылы АХҚО Қазақстанның BEPS (Base Erosion and Profit Shifting) стандарттарын сақтауы үшін ЭЫДҰ-ның «эко­номикалық қатысу» талабын ен­гізу туралы ұсынымдарын орындады. Ережеге сәйкес енді аталған салық жеңілдіктерін пайдаланатын қаржы орталығының резиденттері АХҚО-да бар екенін растауы керек. Мәселен, біз мысалға алған банк АХҚО-да кіріс әкелетін негізгі қызмет түрлерін жүзеге асыруы керек, сондай-ақ жұмсалған шығындар мен қызмет көлеміне тар­тылған қызметкерлер санының сәй­кестігін дәлелдеу қажет. Бұл АХҚО-дан тыс қызмет нәтижесінде алынған пайда салықтан босатылмайды дегенді білдіреді», деп жазды Finreview.info.

АХҚО-ның көлеңкелі экономикамен және зиянды салық қызметімен күрестегі халықаралық деңгейде мо­йын­далуы Қазақстанда бизнеспен ай­налысқысы келетіндер үшін, отандық кәсіпкерлер үшін, өз капиталымен елімізге кіруге ниетті шетелдік компаниялар үшін триггер болуы мүмкін.

«Қазіргі таңда АХҚО транс­ше­каралық бизнес үлгісі бар компаниялар үшін толыққанды алаң болып саналады. Ағылшын және Уэльстің жалпы заңдарына негізделген күшті құқықтық база және қолайлы реттеу режімі қар­жы орталығына қатысушылардың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етеді және олардың салық жеңілдіктерін теріс пайдалануына жол бермейді. ЭЫДҰ жоғары бағалаған ашық салық жүйесін құру – жаңа Қазақстанның дамыған экономика жолындағы қадам­дарының бірі ғана», дейді Finreview.info сарапшылары.