Жарыстар «қабырғадан қабырғаға» олимпиадалық жүйе бойынша өтті. Спортшылар жеті салмақ дәрежесі бойынша белдесті: 55-ке дейін, 60-қа дейін, 66-ға дейін, 74-ке дейін, 82-ге дейін, 90-ға дейін және 90 келіден жоғары. Қазақстандық балуандар турнир жеңімпазы атанды. Өзбекстан өкілдері екінші орынға табан тіреді. Ал Қырғызстан балуандары қола жүлдеге ие болды.
Турнирдің финалы тартысты өтті. Командалар 3:3 есебімен алға шығып, 90 келіден жоғары салмақ дәрежесінде қазақстандық Ғалымжан Қырықбай жеңіске жетті. Оның қарсыласы өзбек Мухсин Хисомиддинов табанды қарсылығымен және лайықты күресімен жанкүйерлердің құрметіне ие болды.
Турнир ұлттық спортты дамыту және қолдау мақсатында өткізілді.
Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев қызықты жекпе-жек үшін спортшыларға алғысын білдіріп, турнирдің жоғары деңгейде өтетініне сенім білдірді.