Тағайындау • 31 Қазан, 2022

Дмитрий Легкий Мәжіліс депутаты болды

305 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орталық сайлау комиссиясы «Қазақстан Халық партиясының» мүшесі Дмитрий Легкийді Парламент Мәжілісінің депутаты етіп тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Дмитрий Легкий Мәжіліс депутаты болды

«Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутатының бос мандаты «Қазақстан Халық партиясы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Дмитрий Максимович Легкийге берілсін. Ол Парламент Мәжілісінің депутаты болып тіркелсін. Оған белгiленген үлгiдегi тиiстi куәлiк пен төсбелгi табыс етiлсiн», делінген ОСК қаулысында.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мәжіліс депутаттары Орталық сайлау комиссиясының Мәжіліс депутаты Айбек Паяевтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсынысын қолдаған еді. Айбек Паяев өз өкілеттігін тоқтату туралы арыз берген болатын. Айта кетейік, Айбек Паяев «Қазақстан Халық партиясы» фракциясының депутаты болған.