Экономика • 31 Қазан, 2022

Табысы орташа қазақстандық 1 шаршы метр баспана да ала алмайды - зерттеу

592 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Табысы орташа қазақстандық 1 шаршы метр де баспана ала алмайды, деп хабарлайды Egemen.kz «Атамекен» ҰКП ресми парақшасына сілтеме жасап.

Табысы орташа қазақстандық 1 шаршы метр баспана да ала алмайды - зерттеу

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сарапшылары еліміздегі тұрғын үй нарығына талдау жасады. Олардың айтуынша, қарапайым жалақысы бар қазақстандықтар жаңа ғимараттан небәрі 0,76 шаршы метрді немесе қайталама нарықта 0,68 шаршы метрді ғана сатып ала алады. Орташа жалақы - 322,9 мың теңге.  

Сондай-ақ халық арасында ипотекаға да сұраныс артып келеді. Ұлттық банктің мәліметі бойынша, жыл басынан бері ипотекалық несиелендіру 1 трлн теңгеге (28,6%) өскен. Жалпы көлемі 4,2 трлн теңгені құрады.

«2022 жылдың 9 айында ипотекалық несиелендірудің айтарлықтай артуы тұрғын жылжымайтын мүлік құнының, оның ішінде бастапқы тұрғын үй 10,5%-ға, қайталама тұрғын үй 16,1%-ға және жалға берілетін тұрғын үй құнының 35,8%-ға өсуіне байланысты болды», дейді сарапшылар.

е

Мамандар жалға беру нарығы республика тұрғындары үшін де қолжетімсіз болып қалғанын айтады.

«Сонымен, егер жыл басында қазақстандықтардың орташа жалақысына 83 шаршы метр тұрғын үй алуға мүмкін болса, қыркүйекте бұл көрсеткіш 70 шаршы метрге дейін төмендеді», деп атап өтті олар.