Р. Албаев Ақмола мемлекеттік медицина академиясының түлегі. Медицина ғылымдарының кандидаты, медицинадағы іскерлік әкімшілендіру магистрі, «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты.
Ол бұрын қалалық ауруханаларда дәрігер-хирург, дәрігер-кардиохирург болып істеді. Төтенше жағдай кезінде Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы болды. ҚР ПІБ Медициналық орталығының емдеу-алдын алу көмегін ұйымдастыру басқармасының басшысы, ҚР ПІБ Іс Басқармасының Медицина мәселелері жөніндегі бас инспекторы, ҚР ПІБ Медициналық орталығының Орталық клиникалық ауруханасының директоры қызметін атқарды.