Оқиға • 31 Қазан, 2022

Павлодар облысында жүргізушіні жүк көлігі басып кетті

193 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қайғылы оқиға 31 қазан сағат 11:20 шамасында Ақсу қаласында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодар облысында жүргізушіні жүк көлігі басып кетті

«Ақсу қаласының жанармай құю станцияларының бірінің аумағында КамАЗ 5410 автокөлігінің 41 жастағы жүргізушісі осы көліктің қозғалтқышын іске қосуға тырысып, машинаның астыңғы бөлігіне үңілген. Қозғалтқыш іске қосылған сәтте көлік орнынан қозғалып, жүргізушіні басып кеткен. Ол алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты», деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 Медициналық сараптама тағайындалды, тексеру жүргізілуде.