«Оқу ақысына жылдық 2-3 пайызбен ұзақ мерзімді жеңілдетілген несие алу мүмкіндігін беру жоспарлануда», деді С.Нұрбек Үкімет отырысында сөйлеген сөзінде.
Министрдің айтуынша, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімге қолжетімділікті кеңейту мақсатында білім беру гранттары жүйесіне дифференциялауды енгізе отырып, гранттардың құны қайта қаралады: 30%-дан 100%-ға дейін.
Сондай-ақ халық тығыз орналасқан және жаңадан құрылған өңірлерде, Абай, Ұлытау, Жетісудан келген талапкерлерге гранттар бөлінеді.