Қоғам • 01 Қараша, 2022

Екібастұз тұрғынынан 30 келіден астам есірткі заты тәркіленді

104 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Арнайы іс-шаралар барысында Екібастұз қаласындағы Павлодар облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшелерінің қызметкерлері есірткі сату бойынша күдікке ілінген ер адамды ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Екібастұз тұрғынынан 30 келіден астам есірткі заты тәркіленді

«Күдіктіні жеке тексеру кезінде полицейлер жалпы салмағы 30 келіден асатын өсімдік тектес заты бар екі полимерлі сөмке тапты. Ұсталған адам ғаламтордың көлеңкелі сегментінде есірткі сатып алғанын түсіндіріп, оларды шағын дозада сатпақ болғанын мойындады», деді Павлодар облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Сания Ахметжанова.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіледі.