Қаржы • 01 Қараша, 2022

Доллар бағамы төмендеді

397 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметтеріне сілтеме жасап.

Доллар бағамы төмендеді

Күндізгі сауданың нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 2,01 теңгеге төмендеп, 466,22 теңгені құрады. Ұлттық банктің 1 қарашадағы ресми мәліметі бойынша, доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 468,35 теңгені құрайды.

Kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 467,26 теңгеден сатып алынып, 470,73 теңгеден сатылуда. Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 467,35 теңге, сату – 471,03 теңге.