Қоғам • 01 Қараша, 2022

Шілде айындағы демалыс күндері ауысуы мүмкін

2636 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«2023 жылы демалыс күндерін ауыстыру туралы» Қазақстан Үкіметі қаулысының жобасы дайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шілде айындағы демалыс күндері ауысуы мүмкін

«Демалыс күнін 2023 жылғы 1 шілдедегі сенбіден 2023 жылғы 7 шілдедегі жұмаға ауыстыру», делінген құжатта.

6 шілдеде Қазақстанда мемлекеттік мереке - Астана күні атап өтіледі.

Осылайша, 2023 жылғы шілдеде қазақстандықтар бес күндік жұмыс аптасында 6, 7, 8 және 9 шілдеде демала алады. Алты күндік жұмыс аптасында демалыс күндері үш күнді құрайды.

Негіздемеде айтылғандай, демалысты ауыстыру мереке күндері, сондай-ақ демалыс күндері жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында жүзеге асырылады.

Құжат 15 қарашаға дейін Ашық НҚА сайтында орналастырылған.