Айта кетейік, қосымша іріктеуге бағдарламаға негізгі конкурстық іріктеу кезеңінде өтінім берген, алайда, құжаттары дұрыс толтырылмаған адамдар ғана қатысты. Өтініштер мен құжаттарды қабылдау қорытындысы бойынша 2135 қатысушы өз өтінімдерін редакциялап, құжаттарын қайта жаңартты.
«Барлық өтініштер мен құжаттардың бағдарлама талаптарына сәйкестігі тексерілді. Іріктелген қатысушылар, резервке енген және қабылданбаған қатысушылардың тізімі www.almaty-zhastary.kz сайтында орналастырылды. Іріктелген 183 үміткерге сайттағы жеке кабинетке «Отбасы банк» АҚ төлем қабілеттілігін растау үшін жолдама берілді», делінген хабарламада.
Әкімдік мәліметінше, «Алматы жастары» бағдарламасы бойынша кемінде 1000 несие беру жоспарланған. Бүгінде бағдарлама аясында 829 адам баспаналы болды.