Хоккей • 01 Қараша, 2022

«Барыс» хоккей комадасы «Сибирь» клубын жеңді

103 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрлықтық хоккей лигасы аясындағы матчта Астаналық «Барыс» хоккей комадасы өз алаңында «Сибирь» командасымен ойнады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Барыс» хоккей комадасы «Сибирь» клубын жеңді

Sports.kz жазғандай, Андрей Скабелка келесі құрамды алаңға шығарды. Олар: Гудачек (Бояркин) - Бекетаев-Грэм, Луи-Вей-Савицкий; Гайтамиров-Ножье, Бракко-Сагадеев-Петухов; Мищенко-Григорьев, Максимов-Гурков-Шестаков; Сергиенко, Әсетов-Гусейнов-Қайыржан.

Ойынның бірінші кезеңінде Джереми Бракко «Барыс» командасын алға шығарды. Екінші кезеңде ресейлік клуб таразы басын теңестіруге ұмтылып, нәтижесінде ойынның 33-минутында «Сибирь» хоккейшісі Вячеслав Основин гол соқты. Ойынның 58-минутында «Барыс» сапынан Линден Вей гол соқса, 59-минутта Кирилл Савицкий қорытынды есепті қорытындылады.

Осылайша «Барыс» қарсыласын 3:1 есебімен ұтып, жеңіске жетті.

3 қазанда «Барыс» өз алаңында «Адмирал Владивосток» клубымен кездеседі.