«Мемлекеттік қызметшілер тарапынан заң бұзушылықтар анықталған жағдайда тиісті шаралар қабылданады», делінген хабарламада.
Мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық мінез-құлқына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінде айқындалады.
Кодекске сәйкес, мемлекеттік қызметшілер өз қызметінде мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік билік беделіне нұқсан келтіретін әрекеттерге бармай, этикалық нормаларды сақтауға және ең алдымен халық пен мемлекет мүдделеріне қызмет етуге міндетті.