Оқиға • 02 Қараша, 2022

Ақтөбе облысында жол апатынан бір адам қаза тапты

263 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қайғылы оқиға 1 қараша күні Ақтөбе - Астрахань автожолында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбе облысында жол апатынан бір адам қаза тапты

«Mitsubishi Montero Sport автокөлігінің 58 жастағы жүргізушісі Қарауылкелді ауылынан Ақтөбе қаласына қарай келе жатып, Байғанин ауданы Кенжалы ауылының тұсында Ақтөбе - Астрахань автожолының жиегінде тұрған DAF жүк көлігіне соқтығысқан», деп жазылған хабарламада.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан Mitsubishi Montero Sport автокөлігінің жүргізушісі Темір ауданының орталық ауруханасына жатқызылды, ал 56 жастағы жолаушы алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды.

Соңғы жаңалықтар