Теннис • 02 Қараша, 2022

Қазақстандық теннисшілер Түркиядағы турнирдің ширек финалына шықты

158 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық теннисшілер Сандуғаш Кенжебаева мен Жанель Рүстемова жұптық сында Түркияның Анталия қаласында өтіп жатқан ITF W15 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандық теннисшілер Түркиядағы турнирдің ширек финалына шықты

Алғашқы айналымында қазақстандық жұп түркиялық Нехир Доган – болгариялық Эмма Фантусиспен шеберлік байқасты.

Кенжебаева мен Рүстемова тартысты бәсекеде жеңісті жұлып алды. Есеп – 4:6, 6:0, 10:4. Қазақстандық жұптың ширек финалдағы қарсыласы кейін анықталады.

Қазақстандық теннисшілер жекелей сында да сәтті өнер көрсетуде. 17 жастағы Аружан Сағандықова іріктеу сайыстарының финалында швециялық Нора Свенсонды тізе бүктірді – 6:2, 7:6 (7:3). Ал 18 жастағы Жанель словениялық Брина Сулиннің меселін қайтарды. Есеп – 6:3, 6:4. Енді олар негізгі додада бақ сынайды.

Қазақстан теннис федерациясының жазуынша, жарыстың жүлде қоры 15 мың АҚШ долларына бағаланған.