Қазақстан • 02 Қараша, 2022

Астанада ірі көлемде есірткі тасымалы анықталды

252 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық қауіпсіздік комитеті арнайы операция барысында қарасора тобына жататын есірткі заттарын елордаға жеткізетін арнаны анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астанада ірі көлемде есірткі тасымалы анықталды

«2022 жылғы 29 қазанда Полиция департаменті бөлімшелерінің қатысуымен есірткі тасымалдаушы ұсталып, оның көлігінен еліміздің оңтүстік өңірлерінен жеткізілген 15 келі гашиш табылды. Тұрғылықты жері бойынша жүргізілген тексеру барысында тағы да 17 келі гашиш пен 1,5 келі марихуана алынды», делінген хабарламада.

ш

Есірткінің жалпы салмағы 32 келі гашиш пен 1,5 келі марихуана.

Жедел-тергеу іс-шаралары әлі де жалғасуда.