Қаржы • 02 Қараша, 2022

Доллар бағамы күрт төмендеді

323 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

KASE Қазақстан қор биржасы 17:00-дегі жағдай бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 460,56 теңгені құрап, 5,16 теңгеге төмендегенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Доллар бағамы күрт төмендеді

Ресей рублінің орташа өлшенген бағамы 7,48 теңгеге дейін төмендеді.

Қытай юанінің орташа өлшенген бағамы төмендеп, 63,27 теңгені (-0,13) құрады.

Ал еуроның орташа өлшенген бағамы 456,25 теңгеге белгіленді.

Айырбастау пункттерінде долларды 464-468 теңгеден, еуроны – 458-463 теңгеден, ресей рублін – 7,15-7,4 теңгеден сатып алады/сатады.