Елорда • 02 Қараша, 2022

Астанада бос жұмыс орындарының кезекті жәрмеңкесі өтеді

421 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласында 3 қараша күні жастарға арналған бос жұмыс орындарының кезекті жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада бос жұмыс орындарының кезекті жәрмеңкесі өтеді

Биыл 3 қараша күні сағат 15:00-де Еуразия ұлттық университетінде Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» ЖРО» КММ елордалық ЖОО түлектері мен жұмыссыз жастар үшін бос жұмыс орындар жәрмеңкесін өткізеді.

Жыл басынан бері Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» ЖРО» КММ бос жұмыс орындар жәрмеңкесін үш мәрте өткізді. Оған елорданың 126-дан астам жұмыс берушісі, 1200-ден астам жастар мен студенттер қатысты және 800-ден астам бос жұмыс орны ұсынылды, оның барысында 150-ге жуық адам жұмысқа орналастырылды.

Бос орындар жәрмеңкесіне қаланың 30-дан астам жұмыс берушісі қатысады. Бұл елорда жастары үшін өздері қалаған саладағы бос орындарды зерделеуге және бірнеше жұмыс берушімен тікелей сөйлесуге тамаша мүмкіндік.