Оның айтуынша, мемлекетке 630 млрд теңгеден астам сомаға ақша мен мүлік қайтарылған;
Оған қоса 10 уәкілетті экономикалық операторға 107 млрд теңгеге кедендік төлемдер мен салықтар қосымша есептелгені де анық болды. Оның есебінін бюджетке 57 млрд теңге түскен;
Соттарға құны 13,5 млрд теңге болатын мүлікті мемлекетке қайтару туралы талап-арыз енгізіліпті;
Бас прокурор сондай-ақ Жоғарғы Сотпен олигополиялардың пайдасына өткен сот актілерін қайта қарау туралы 16 наразылық қанағаттандырвлғанын атап өтті. Ол бойынша бюджет 23 млрд теңгемен толықпақ.
Ал прокурордың актілері бойынша мемлекет кірісіне 5 млрд теңгеден астам сомаға 140 мың гектар жер қайтарылған.