Оқыс оқиға бүгін, 2 қарашада болған. Қызылорда облысының полиция департаментіне қарасты емханада жөндеу-құрылыс жұмыстары кезінде темір саты әйелдің басына түсіп, алынған жарақаттан оқиға орнында көз жұмған.
«Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 277-бабы 2-бөлігі (Абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», деді Қызылорда қалалық Полиция басқармасының өкілдері.