Мәселен, осы жылдың наурыз-маусым айлары аралығында Р.Э. Гулиев деген азамат тауардың сапасы мен шығу тегін растайтын құжаттарсыз темекі өнімін сатып алған. Оны Астанада «Әмір» базарының аумағында, Ақмола облысының Ақкөл қаласында жалпы сомасы 775 000 теңгеге сатқан.
«Контрафактілі темекі бұйымдары бар автокөлік тауарды Астанадан Ерейментау қаласына дейін тасымалдау кезінде ұсталды. Жоспар бойынша ол оны бөлшек сауда дүкендері арқылы өткізбек болған. Көлік құралын тексеру барысында жалпы саны 34 500 қорап темекі бұйымдары табылды», делінген ведомство хабарламасында.
Өңірлік МКД қорытындысына сәйкес, тәркіленген 37 150 қорап акцизделуге тиіс темекі өнімдерінің жалпы құны 22 млн теңгеге жуық соманы құрайды. Сот үкімімен Р. Э. Гулиевке 1 жыл бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.